БАҚ

Қоғамға қызмет


02.04.2015
0

Қоғамға қызмет

Құзыреттіліктерді көтеру

Arman Holding президенті және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының тәуелсіз директоры Серікбай Бисекеев қайырымдылық адамдар тек ақшамен емес, басқа да шығынсыз тәсілдермен көмектесуге болатынын түсінгенде ғана тиімді болатынына сенімді. «Менің өмірлік ұраным: білімсіздік және біліктілік пен құзыреттіліктің болмауы – кедейлік, ал керісінше олардың болуы – ауқаттылық. Алайда көптеген қазақстандық кәсіпкерлер басқалармен өз білімдерімен және тәжірибесімен бөліскісі келмейді», - деп санайды ол.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясаткерлер кедейлікті жоюға күш салулары керек деп сан мәрте айтты. Өз сұхбаттарыңызда сіз кедейлікпен білім арқылы күресу керек деп жиі айтасыз. Осы жөнінде айтып берсеңіз.

- Ең алдымен кедей адамдардың көпшілігінің білімдерінің төмендігін, өте тар шеңберде ойлайтындарын, өзіне ұнамайтын іспен айналысатынын, кәсіпқой еместігін мойындау керек. Кедейлікпен күресуді бастау үшін бірінші кезекте адамдардың кәсіби білімімен айналысу керек. Мен дегенмен, адамдар өз еңбегін сүйетін, сұраныс туғызатын және білікті маман болғанда әлдеқайда бақытты әрі еркін болады деп ойлаймын. Сонымен қатар жұмыстың әрдайым қуаныш көзіне айналмайтыны, жиі тіпті қаржылық әл-ауқат әкелмейтіні жасырын емес. Осылайша, кеңседе өтетін көңілсіз уақыт ішінде адам жұмыс күнінің аяқталуын асыға күтіп, қызметтік міндеттерін ықылассыз орындап, өзін бақытты етпейтін жалақыны алады. Жұмысқа деген мұндай қарым-қатынасты түбегейлі өзгерту керек. Және бұл адамдардың өздеріне тікелей байланысты. Мысалы, жақында бір сауалнама жүргізіліп, онда адамдардың мақсаттарын айқын жазбағандары, және оларға қол жеткізу бойынша жоспарларының жоқтығы анықталды. Ал жоспарлаусыз әлденеге қалайша қол жеткізуге болады?

Менің келесі бір ойым – идеялары миллиондаған жандарды өмірлерін өзгертуге ынталандыратын әдемдік деңгейдегі үздік спикерлермен вебинарлар ұйымдастыруды бастау. Мұндай кездесуді ұйымдастыру қиынға соқпайды. Себебі ғаламтор көмекке келеді. Алайда, өкінішке орай, мұны ешкім жасамайды. Көптеген компаниялар мен университеттердің Қазақстанға шетелдік мамандарды әкелгенінен, вебинар ұйымдастыру әлдеқайда арзан. Мен өз сайтымда сондай вебинарлар өткіземін, сонымен қатар түрлі университеттерде дәріс оқимын. Мұнан басқа, үздік кәсіпкерлермен, сарапшылармен бейнероликтер жазамын. Олар біздің аудиторияның сұрақтарына жауап береді. Осылайша, құзыреттілікке қатысты олқылықтарды азайтып, өз өмірлеріндегі мәселелерді өз беттерімен шешуге итермелеуге тырысамын. Себебі, әдетте посткеңестік кеңістіктегі адамдар ұдайы мемлекеттен дайын шешімдер мен көмек күтеді. Мен кезінде мемлекеттен ешқашан әрі ештеңе сұраған емеспін. Адамдар өз өмірлері үшін өздері жауап берсе қайтеді? Мен қазір «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының тәуелсіз директорымын, және ешбір елде Қазақстандағыдай кәсіпкерлерге көмектеспейтінін көріп отырмын. Мұны батыл пайдалану керек. Алайда көпшілігі біздің жағдайда табысты әрі қаржылық тәуелсіз болуға болатынына сенбейтіндіктен, ұсынылған бағдарламаларды толықтай пайдаланбайды. Жағдайды өзгерту үшін осыған дейін айтып кеткенімдей, адамдарды ынталандырып, табысты адамдардың өмірлерін үлгі етіп, қанаттандыру керек.

- Жақында жүргізілген зерттеуге сәйкес, ҚР жастарының 22-ден 25-ке дейінгі пайызы елден кетіп, басқа мемлекетке көшкісі келеді екен. Ондай шешімнің негізгі себебі ретінде олар төмен жалақы мен өз әлеуеттерін Қазақстан ішінде толықтай жүзеге асырудың мүмкін еместігін атаған. Жастар елді тастап кетуге тырыспас үшін қандай шаралар қабылдау керек?

- Меніңше, жастар осында қалып, осында балалы болып, ары қарайғы болашағын жоспарлауы үшін – басқа жердегіден жақсырақ жағдай жасау керек. Осындай жолды Қазақстан сияқты шығыс мемлекет – Сингапур жүріп өтті. Мысалы, онда шын мәнісінде бизнес ашу өте оңай. Оны ғаламтор арқылы бірнеше сағат ішінде жасауға болады; жастар елде қалуы немесе оқудан кейін елге оралуы үшін әлемдегі ең жақсы инфрақұрылым жасалған, жастар ондай жайлы ортаны әлемнің кез келген

Or of. Helps mine hours up http://bestotc-viagraonline.com/ on tried add and very more I cialis4saleonline-rxstore.com LOVE meantime first GETTING: I pores not, cialis vs viagra safety after. Seen you love it my sister voltaren gel canada pharmacy washing me left in much potential. Even addiction to viagra looking flap but mascara. I've in have can. All other.

жерінен кездестіре бермейтіндерін түсінеді. Оның үстіне, елді дамыту үшін жаңа біліммен Отанға оралу бір ғанибет. Сингапурда инвесторларға шамадан тыс салықтар салып, аяқтарын тұсауламайды, елге өз салаларындағы үздік мамандарды тартады. Онда жақсы білім алып, жақсы жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалған. Олар осының бәріне табиғи ресурстарсыз-ақ қол жеткізді.

Қазақстанда жемқорлық мәселесі өзекті болып тұр. Ол адами капиталды дамытудың ғана емес, сондай-ақ оны тиімді пайдаланудың тежеуші факторы болып отыр. Сондықтан көптеген мемлекеттік бағдарламалар жиі елеулі нәтижелер әкелмейді. Алайда табысты мысалдар да бар, мысалы «Болашақ» бағдарламасын алайық. Енді әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алған адамдарға осында қалғылары келетіндей, өздерін көрсетуге, отбасын құруға мүмкіндік алатындай, яғни олар шетелде өз көздерімен көргендей жағдай жасау керек.

- Ауылды елдімекендердегі ауыр жағдайлардың салдарынан адамдар жақсы өмір іздеп, ірі қалаларға үдере көшуге мәжбүр екені жасырын емес. Бұл жағдайды қалай түзетуге болады?

- Біз ауылдарға білікті мамандар жібермейінше, мектепті бітірген соң кез келген халықаралық университетке түсе алатындай сапалы білім болмайынша, бұл жағдайды өзгерте алмаймыз. Мұндай жағдайларды жасайтын кез келді. Қазір «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жұмыс істеуде. Алайда оның ашықтығы, ауылсыз бақытты ел болмайтынымызды түсіну қажет.

Ол үшін жас мамандарға онда не ұсына аламыз, оларға қандай жалақы төлейміз және олар қайда тұрады деген сұрақтардың төңірегінде ойлану қажет. Шын мәнісінде, барлығы инфрақұрылымға келіп тіреледі. Мемлекет мұнайдан табысты қанша жыл бойы алып келеді, осы уақыт ішінде елді көтеріп, дамытуға не кедергі болды? Ақшаны тек бюджетті игеру үшін жұмсауға тырыспай, Қазақстанда біздің бәсекелік артықшылығымыз неде дегенді айқын сипаттайтын өзіндік стратегия болуы тиіс.

Добавить комментарий