Вебинарлар

«Жетістікке жету жолы» онлайн


16.12.2013
0

«Жетістікке жету жолы» онлайн

12 желтоқсан күні менің «Жетістікке жету жолы» атты вебинарым сәтті өтті. Бізге Алматыдан, Қарағандыдан, Өскеменнен 3 жоғары оқу орны мен 200-ге жуық жеке қолданушы қосылды.

Жылы лебіздеріңіз үшін алғыс айтамын, қорқыныштан арылып, сенімділік сыйлауға көмектестім деп ойлаймын.

Сондай-ақ менің поштам мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарыма келіп жүрген, келіп жатқан (дәл қазір) пікірлермен бөліссем деп едім:

«Серікбай, өз уақытыңызды арнап, өз тәжірибелеріңізбен және идеяларыңызбен бөліскеніңіз үшін алғыс айтамын. Бізге өз күшімізге сеніп, шын мәнінде пайдалы бизнесті бастау үшін сіз сияқты адамдардың қолдауы өте қажет. Рақмет!», - деп жазыпты Facebook-ке Gulnazira Zhauynbekova.

«Құрметті Серікбай! Вебинар үшін рақмет! Өздерінің ақыл-парасаттарымен, ұдайы тынымсыз еңбегінің арқасында бірінші кезекте өздерін тұлға ретінде қалыптастырып, басқаларға үлгі бола білетін табысты адамдармен араласу бір ғанибет. Маған сенің Қазақстанның дамуы туралы ойларың ұнады, атап айтқанда, біздің туған өлкеміздің, ұлы даламыздың болашағына деген қамқорлық сезім байқалатын жобаларың көңілден шықты. Танысқаныма қуаныштымын, бірінші кезекте мықты денсаулық және табыс тілеймін!», - деп жазды хатында Темірбаев Мақсұт Әбуұлы.

«Айтқым келетіні: Серікбай Бисекеев соңғы кездерден бастап, маған бой түзейтін тұлғаға айналды. Оны жетістіктері мен қарапайымдылығы үшін бизнесте де, үкіметте де сыйлайды. Мұндай адамдар аз! Айтқан сөздеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіз сияқты жандар маған тура жолда келе жатқаныма сенімімді нығайта түседі», - деді Вячеслав Попов.

«Ассалаумағалейкум!Алла разы болсын сізге! Вебинар өте қызықты болды. Көп пайда алдым деп ойлаймын. Рақмет!» - деді Руслан Ибраев.

«Вебинар үшін рақмет! Тартымды, өте сабырлы, өзіне сенімді оратор. Ойларының айқындығы, барлық адамдар жетістікке жете алады деген тұжырымы ұнады», - деді Facebook-те Айгүл Есенеева.

«Рақмет! Өте қызықты өтті! Әсіресе ұнағаны: Кейде уақытты зая кетірмеу үшін жай кеңес керек!» - деді Ди Әбдібекова.

«Бүкіл кеңсемізбен тыңдап, тамашалап отырмыз!! Таныстырылым күтеміз», - деп жазды Индира Қақабаева.

«Мен кейбір дүниелер туралы ойлап жүргенмін, сіз соларды дәрісіңізде дөп басып айттыңыз. Бұл тамаша!» - деп жазды Азат Әлиасқаров.

«@bisekeev вебинарын тыңдадым, және тікелей эфирде өз сауалыма жауап алдым. Аса қызықты та пайдалы болды», - деді твиттерден Ерлан Мұқашев.

«@bisekeev, сіздің жеке миссияңыз құрметке лайық. Вебинар үшін, құнды кеңестер үшін рақмет!», - деп жазды Twitter-ден Gulzhan Mukusheva.

Добавить комментарий