Блог

Кеш сайынғы сұрақ-жауапты пайдалану


23.11.2016
0

Кеш сайынғы сұрақ-жауапты пайдалану

Кейде тәлімгердің қолдауынсыз сүрлеуден шығып қалмау және бар зейінді алға қойылған мақсатқа аудару қиын болып жатады. Мұндай жағдайда сізге бір қарапайым, алайда өте нәтижелі жаттығу – кеш сайынғы сұрақ-жауапты пайдалануға кеңес беремін. Бұл әдіс сізге кішкентай қадамдар арқылы алға қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Бұл жаттығу көп уақыт пен күшіңізді алмайды. Оны кез келген іс-әрекеттермен үйлестіре беруге болады. Мысалы, үйге қайтар жолда қоғамдық көлікте/жеңіл көлікте, кептелісте тұрғанда немесе тіс тазалап тұрғанда жасай беруге болады. Әрбір кеш сайын өзіңе бірнеше сұрақ қою жеткілікті: - Бүгін қандай пайдалы іс жасадым немесе алға қойған мақсатқа жақындау үшін нені үйрендім? - Алға қойылған мақсатқа жету үшін нені өзгертуім керек? - Алға қойылған мақсатқа не үшін жеткім келеді? Егер осы әдісті күн сайын қолданатын болсаңыз, мақсатыңыз әрдайым жадыңызда тұрады және оған жету үшін дұрыс бағытта жылжисыз.

Добавить комментарий