Блог

Бизнесте өзіңе қолайлы кәсіпті қалай табу керек?


09.08.2013
0

Бизнесте өзіңе қолайлы кәсіпті қалай табу керек?

Стартап бүгінде жай ғана сәнді сөз емес. Бұл аса қуантады, жас ұрпақтың сөздік қорына тереңдеп енуде. Өз ісін ашуды ойлайтын адамдардың қатары көбеюде. Мен өзімнің бүкіл тәжірибеммен осы беталыстың дамуына атсалыссам деймін. Жақсы идеяларды қалай тауып, бизнесті ашуға ақшаны қайдан алып, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарды бүгінде не күтіп тұрғаны жайында жастарға бірнеше кеңестерімді ұсынуға тырысамын.

Идеялар

Бизнестің кез келген саласында шынымен де жақсы идея бастапқы белгілі бір түйткілдерге байланысты пайда болады. Адамдарға қозғалу, ақпарат алмасу қиын соғуы, сапасыз тағамдар мен қызмет көрсету деңгейі және т.б. Бірінші кезекте түйткілді іздеп, оның шешімін ойлап табыңыз. Осы әлемді жақсартып, адамдарды бақыттырақ ететін идеялар әрдайым нарықта сұранысқа ие болады. Өмірдің өзі бізге жиі мүмкіндік береді, біз тек мұқият болсақ болғаны.

Ақша

Банк, мемлекеттік гранттар, инвесторлар сияқты қаражат көздерінен басқа, бизнес-жобаларға қаражат табудың көптеген қызықты әдістері жеткілікті. Мысалы, «ұжымдық қаржыландыру» немесе crowdfunding деп аталатын америкалық беталыс бар. Бұл 2013-2014 жылдардағы негізгі беталыстардың біріне айналып, әрбір стартаптың бизнес-жоспарының тұрақты тармағына айналатыны сөзсіз. Жұмыс қағидасы қарапайым. Компания демеушіге немесе клиентке «Біз сізге бір нәрсені уәде ете аламыз – біздің клиенттер мен достарымыз сіздің бізге көмектескеніңізден хабардар болады!» дейді. Егер Сіздің идеяңыз адамдарға расында қажет болып, тек ақша үшін құрылмаған болса, көпшілік үшін оның миссионері болу жеткілікті. Сондай-ақ стартаптың инвесторлармен немесе акционерлермен бірлесіп жұмыс жасау кестесі көбінесе қолайсыз да болуы мүмкін. Кейде созылып та кетеді, бұл шағын кәсіпорындар үшін қауіпті.

Адамдар

Әріптестер, жастықтың жаңа істі бастау үшін таптырмайтын уақыт екенін есте сақтаңыздар. Әзірге отбасылы болмағандықтан, тәуекелге бел буу мүмкін болғандықтан, күш сынап, қателерге жол беруге болатын кезең. Кейін қауіпті идеяларды жүзеге асыру қиындай түседі. Дәл қазір ең батыл деген армандарды жүзеге асыруға болады, ешқашан қиындықтар мен сәтсіздіктерден қорқып, кері бұрылмаңыз. Бірінші стартапты іске асыру барысында пайда болған көптеген жақсы идеялар тамаша бизнеске айналып, шағын түйткілдердің қосымша шешіміне айналды. Тек тәуекелге бел буып, қателерді бастан кешіргенде ғана біз өмірден ең құнды білімдерді аламыз. Іске сәт, достар!

Добавить комментарий