Блог

Қазақстандық-Cингапурлық бизнес-форум


04.04.2015
0

Қазақстандық-Cингапурлық бизнес-форум

Шағын және орта бизнес – тұрақты қоғамның негізі. ШОБ дамуы барлық қазақстандықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді және халықтың көп бөлігінің экономикалық белсенділігін қолдап, үлкен әлеуметтік рөлге ие болып қана қоймай, бюджетке жасалатын қомақты салықтық түсімдерді қамтамасыз етеді. Сондықтан кәсіпкерлер қоғам мен мемлекеттің сәйкес құрметіне лайықты. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер мемлекет қарқынды әрі тұрақты дамығысы келсе, оның әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары міндетті түрде шағын және орта бизнесті ынталандыру бойынша шараларды қамтуы тиіс.

Мен Қазақстан – посткеңестің кеңістіктегі ШОБ-ты дамыту мен қолдау бойынша үлгі тұтарлық елдердің бірі деп сан мәрте айтып келемін.

Алайда, өнімді өсу үшін мемлекеттің қолдауын күтіп қана отырмай, кәсіпкерлердің өздерінің ұдайы дамып отыруы маңызды екенін ескере кету керек. Мына бір жайтты ұмытпаңыздар: кәсіби құзыреттіліктің жоқтығы сияқты өзекті мәселе бар.

Дәл осы себепті мен қазақстандықтардың кәсіби ортадағы құзыреттіліктерін қалыптастыруды өзіме мақсат етіп қойдым.

Форум осы Идеяның бір бөлігіне айналды.

2014 жылдың наурызында мен Қазақстанға тәжірибе алмасып, бірлескен жобалар құру үшін сингапурлық бизнесмендер делегациясын шақырдым.

Биыл ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының белсенді қолдауымен біз Қазақстанның Алматы және Астана commercials cialis қалаларында қазақстандық-сингапурлық бизнес-кездесулер өткіземіз.

Мақсат біреу: біздің кәсіпкерлер үшін ақпараттық алаң құру, әлеуетті өсу үшін жағдай жасау, және ең бастысы Қазақстан мен Сингапурдың бірлескен кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік беру.

Елдің және атап айтқанда, шағын/орта бизнестің гүлденуіне мүдделі пікірлестер табылады деп үміттенемін.

Құрметті әріптестер, сіздерді шақырамын!

13 сәуір Алматы қ. — Қазақстан мен Сингапурдың бизнес-миссиясы

15 сәуір Астана қ. — Қазақстандық-сингапурлық бизнес-форум

Естеріңізде болсын: білім мен тәжірибенің үйлесімі – бұл жетістік!

Форум мен делегаттар туралы егжей-тегжейлі ақпарат мына жерде.

Добавить комментарий