Блог
Жас бизнесмендер, сіздердің басты «меншіктеріңіз» адамгершілік қасиеттер болуы керек
Мен бизнестің ақыл тоқтатқан адамдарға арналған алаң екеніне сенімдімін, демек бұл оларда адамгершілік қасиеттері қалыптасты дегенді білдіреді. Басқаруға көше отырып, адам өз шешімдері үшін толықтай жауапкершілікті сезініп, тектілікті сақтай отырып, бір сәттік пайдаға қол жеткізу үшін таңдаулы құндылықтарын аяқасты етпеуі керек.
Мұндай ойларға келуге менің мүдделеріме қайшы келген жақындағы бір оқиға түрткі болды. Бір шағын қазақстандық компания рұқсатсыз өзінің жарнама парақшаларында менің суретімді пайдаланды, осылайша өзінің маркетингтік мақсаттарына жетпекші болды.
Бұл туралы кездейсоқ біліп қалып, мен олармен байланысып, түсінік талап еттім. Іс тез шешілді, олар кешірім сұрады. Барлығын сараптай келе, мен өз қарсыластарыма қарсы арыз бермеуге бекіндім. Оның үстіне, расында да бір-бірімізді түсінгенімізге көзім жетті. Мұндай оқиғалар бизнесте кінәлі тарапты бұдан әлдеқайда қиын жағдайларға әкеп соқтырып, сот істеріне араластырып, айтарлықтай қаржылық шығындарға ұшырататыны белгілі.
Бизнесмендерді, әсіресе, жас буынды этикалық ережелерді сақтауға шақырамын. Көзсіз құнығуды жойып, бойыңа ішкі тұлғалық байлықты сіңіре білу аса маңызды. Әйтпесе, үлкен жеңістер болмайды. Өзіңізге, өз қабілеттеріңізге және еңбексүйгіштігіңізге сеніңіз. Осының барлығы уақыт өте келе сіздің жұмысыңызға өз жемісін беретінін көресіз.
Сондай-ақ, айта кететін жайт, адал бизнесмендер буыны – бұл мемлекеттің толыққанды дамуы үшін, сонымен қатар, саналы қоғамның қалыптасуы үшін де қажетті дүние. Әңгіме «өз ісімен» шектелуден басқа, үлкенірек дүние туралы болып отыр. Сондай-ақ, әлемде, елде болып жатқан нәрселерге де қызығушылық танытылуы тиіс. Кәсіпқой басқарушы қандай басқарушылық шешімдердің жалпы көрініске әсер ететінін білуі керек. Бүгінде бизнес әлеуметтік үдерістерге айрықша терең енген, және жеке құбылыс ретінде қабылданбауы тиіс. Мұны қазіргі бизнесмендердің көпшілігінің ойға алғандары жөн.