Блог

ҚР экономикасын қайта құрып, ресурсқа тәуелділіктен құтылу керек


30.06.2013
0

ҚР экономикасын қайта құрып, ресурсқа тәуелділіктен құтылу керек

Мен Президенттің ҚР экономикасын қайта құрып, ресурсқа тәуелділіктен құтылу керек дегеніне қуанамын. Мен бірінші кезекте, заңдарды өзгертуді ұсынамын. Бұл тиімді шарттармен, инвесторларды тарту үшін қажет, әйтпесе, біз бір де бір кәсіпорын құрмаймыз, демек, жаңа жұмыс орындарын аша алмаймыз. Оларды тиімді салықтық жеңілдіктермен қызықтырып, қызықты шарттар ұсыну керек. Қазақстандықтарды кәсіпорындар мен жобаларды басқаруға үйретіп, үш жылдан кейін білікті басқарушыларға ие боламыз. Өткізетін ең үздік нарықтар жанымызда, бұл біздің бәсекелік артықшылығымыз, сондықтан тау-кен өнеркәсібін дамытып, өңдеудің бірнеше түрімен айналысатын зауыттар салу керек. Бізде бүкіл ҚР бойынша пайдалы қазбалар жетерлік, осы арқылы аймақтардағы жұмыспен қамтуды жүзеге асырып, қазақстандықтарды оқыту басты шарт болады. Біз Оңтүстік Корея және т.б. сияқты «ақылды» ұлттардың біріне айналуымыз керек. Бізде бұл үшін бәсекелік артықшылық жеткілікті. Болашақ – ахуалға сай экономиканы қайта құра алатын «ақылды» ұлтта. Осылайша, кез келген дағдарыстан шығудың жолын ұсына аламыз, дағдарысты мен әрдайым креативті, тапқыр адамдар үшін үлкен мүмкіндік деп қарастырамын!

Дереккөз мұнда.

Добавить комментарий