Блог
Халыққа қаржылық сауаттық керек пе?
Дональд Трамп айтқандай: «Қаржылық сауатсыздық — үлкен түйткіл. Адамдар тиісінше дайындалмағандықтан, үнемі қауіпті жайттарға тап болады».
Адамдар қаржылық сауатсыздықтың салдарынан зардап шегетін жайттар көп, неге әкеліп соғатынын пайымдамастан, несие алады. Меніңше, мемлекет салмақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс сияқты. Елде ешкім қаржылық сауаттылықты тиісінше дамытпайды, осының салдарынан адамдар өмір бойы несие жабуға жұмыс істеп, зардап шегеді. Сондықтан меніңше бірінші кезекте қазақстандық компанияларға өз қызметкерлерінің құзыреттілігі мен жалақы деңгейлерін көтерудің тетіктерін іздеу керек сияқты. Екіншіден, тұтынушылық несиенің арқасында «қарызға өмір сүру» әрдайым дұрыс болмайтынын түсіндіру керек. Шын мәнісінде бәріне балама табылады емес пе. Мен әрдайым адамдарға – мемлекетке сенім артып,
отырмаңыздар, өз беттеріңізбен өмір сүріп, өз өмірлеріңізді жоспарлаңыздар, әрдайым қаражат жинап, өзіңізге тұрақты табыс әкелетін нәрсеге қаражат құйыңыздар деймін! Өз қаражатыңа өмір сүру керек!
Адамдар оларды қызықты әрі кәсіпқой тұлға ретінде қабылдайтынын түсінгенде, әлдеқайда бақытты әрі еркін бола алады. Бұл бостандықтың маңызы зор. Сіз өз құзыреттілігіңізді арттыру үшін білімге ақша жұмсап, жалақысы жоғары қызметкерге айнала аласыз, басқа елдерде білім алып, дүниетанымыңызды кеңейтесіз. Егер адам жұмыс таңдау мен қозғалуда еркін болса, ол міндетті түрде табысқа қол жеткізуі тиіс.
Табыс табыңыздар, ақша жинап, несиесіз сатып алыңыздар!