Блог

Пайдалы әдет


01.03.2017
0

Пайдалы әдет

Жаяу серуендеу және жүру – денсаулық нығайтудың ең қолжетімді тәсілі. Күн сайын жарты сағатты серуенге арнауға кімнің де болса мүмкіндігі бар, ал оның пайдасы мол. Серуендеу аздап ширауға – демек әлдеқайда сау болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар таза ауа, салқын самал – шынығудың маңызды тәсілі! Жаяу серуендеген кезде күнделікті күйбелең тірліктен сергуге немесе керісінше ой жинақтауға болады. Бұл аздай, өмірдегі маңызды дүниелердің ара салмағын ажыратуға көмектеседі. Күнделікті серуен көру қабілетіне де пайдалы, себебі жаяу жүргенде алысқа жиі көз тігесің. Жаяу жүру қартаюды тежейді. Мұнан басқа, жиі жаяу жүру адамды жинақы әрі тәртіпті етеді. Осындай пайдалы әдетті дағдыға айналдыруға тырысыңыз.

Добавить комментарий