Блог

Серікбай Бисекеев: «Әрдайым үздіктерді оқып, олардан үйренемін»


16.01.2014
0

Серікбай Бисекеев: «Әрдайым үздіктерді оқып, олардан үйренемін»

Серікбай Бисекеев Қостанай облысында дүниеге келді, Калинин ат. Ленинград политехникалық институтын тәмамдады, 10 жылдан астам уақыт бойы бүгінгі таңда ресейлік ІТ-инжиниринг нарығында көшбасшылардың бірі атанған «Арман» компаниясын басқарып келеді. 2012 жылы кәсіпкерлік саласындағы «В2В» аталымындағы «Жыл кәсіпкері» (Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық сыйлығымен марапатталды.

Серікбай, бизнесіңіз неден басталды?

90-шы жылдары посткеңестік кеңістіктегі алғашқы GSM-оператор – Солтүстік-Батыс GSM Санкт-Петерборда пайда болды. Мен осы бизнестің бастауында тұрып, ТМД-ның барлық операторлары, оның ішінде KCell-ге де алғашқы ұялы телефондарды жеткізумен айналыстым. Стокгольм бизнес-мектебінде «Қоғамдық орындарда ұялы телефон желілерін құру» дипломдық жобасын қорғадым. 1998 жылы ұялы телефонды көбінесе бақуатты, көлік мінген адамдар, бизнесмендер пайдаланды. Олардың арасында метромен жүретіндер болмайтын.

Мен желіні құрып бастағанымда, 5-6 шаршы метрлік жайларды жалға алып, тауарды өндірушілерден консигнацияға алатынмын. Өзімде бар болғаны тек сөрелер еді. Барлығы қарапайым, тек онымен дәл сол сәтте ешкім айналыспады. Одан кейін нарыққа «Евросеть» пен басқа да ұялы байланыс алыптары келді. Ол жерде кімде ақша көбірек деген мәселе тұрды. Егер миллиардың болса, Nokia, Siemens өнімдерін үлкен көлемде сатып алып, ең жақсы дисконтты иеленіп, ең үздік ұялы телефондарды сатуға мүмкіндік болды. Олармен тайталасу мүмкін емес еді, сондықтан мен көп ұзамай «тіске ілігерімді» біліп, желіні сатып жібердім.

Мен ары қарай кімнің ақшасы көбірек деген сауал тұрмайтын жаққа кетуім керек екенін түсіндім. Тек саған байланысты болатын бәсекелік артықшылық табу керек болды. Жаңа сән ойлап табу керек, өз кәсібіңді табуың керек.

Солардың бірі өнеркәсіптік байланыс болды. Ешкім айналыспаған тағы бір іс бар еді. Сол кезеңде барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар ақшаларын станоктарға, өндірістік қуатқа жіберетін, ешкім зауыттағы инфрақұрылым туралы ойланбады.

Мен алдымен неміс қондырғысының дистрибьюторы болдым, кейін оны өндіруде қиын түгі жоқ екеніне көзім жетті. Тапсырыс берушілер бізде әртүрлі және кейде айрықша қызметтерді сұрайды. Біз олардың барлық сұраныстарын ескеріп, өз бағдарламаларымызды оларға арнап жасап, өзіндік өнімімізді жасадық.

Біз жаңа технологиялардың, жаңа процессорлардың, жаңа чиптердің нарыққа әрбір жарты жыл сайын шығып тұруы тиіс екенін байқадық, ал біздің басты бәсекелестеріміз мұны өте баяу жасайтын. Біздің нарық ол кезде консервативті еді. Батыстағы басты ойыншылар жайбарақат өмір сүріп, жыл сайын жаңа өнім шығаруға асықпады. Ал жас әрі қайратты біздер барынша жылдам өнімге жаңа қызметтер, жаңа мүмкіндіктер енгізуді жөн көрдік, сондықтан көп ұзамай нарықтың көшбасшыларының бірі атандық.

Әлденені жасауды үйренудің ең жақсы әдісі – оны кәсіпқойлардың қалай жасайтынын бақылау дейді. Бизнесіңізді бастағанда сіз мұндай кәсіпқойлардың тәжірибесіне жиі жүгіндіңіз бе?

Әрдайым үздіктерді оқып, солардан үйренемін, кейін оны өз саламда қолдануға тырысамын. Қызықты ақпарат болса – бұл өзгеруге себеп болады!

Қазіргі таңда бәсекелестеріңіз көбірек шығар. Мұндай бәсекелі бизнес-ортада қалай аман қалып, табысқа жетуге болады?

Бүкіл команданы жетілдіріп отыру.

Сіз адамдарды жақсырақ жұмыс істеуге қалай ынталандырасыз?

Жеке әңгімелесулерде олардың бизнес пен өмірдегі қызығушылықтарын анықтаймын да, осыған сүйене отырып, біздің мақсаттарымызға қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивация құрамын. Бұл директорлар арқылы қалған мамандарға дейін тарайды.

Сіздің компанияңызда жалпы саны қанша адам жұмыс жасайды? Өз қызметкерлеріңіз туралы айтып берсеңіз.

Холдингте 250-ге жуық адам жұмыс жасайды, олардың орташа жасы 35-те. Барлық басшылардың білімі жоғары, көпшілігінің МВА дәрежесі бар, аяқталған тренингтер тәжірибесіне ие.

Өз жобаларыңызға арнап, керекті мамандарды қалай іріктейсіз?

Бізде жұмыс жасайтын адамдардың басты қасиеті – бұл ойлау, жаңа әлдене ойлап табу қабілеті. Сондай-ақ маңызды фактор – жұмыс істеуге деген құлшыныс, компанияның идеясына, миссиясына берілу. Біліктілікке содан соң мән беру керек. Себебі барлық бар білімді өзіміз-ақ бере аламыз. Біздің компанияда кәсіби тренингтер көп өткізіледі, немесе ол білімді қызметкерлер өз беттерімен де игере алады. Біз компания мүдделері мен саясатын ұстанатын «өзіміздің» адамдарды іздейміз. Біз жауапкершілік алып, алға қойылған мақсаттарды шеше алатын көшбасшыларды дайындаймыз!

Компанияның корпоративтік мәдениетінде тек «Арман» ЖШҚ-ға тән «өзіндік» әлдене бар ма?

Ортақ мақсат үшін жұмылған қызметкерлерге деген құрмет!

Сіздің тәжірибеңізге сүйенсек, бизнесті дамытуда маркетингтің қандай құралдарын аса тиімді деп атауға болады?

Шолулар, сауалнамалар, кәсіби көрмелер мен қауымдастықтар, әлеуметтік желілер.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша сіздің компания ресейлік нарықтағы ІТ-инжиниринг саласының үздігі атанды. Компанияның қазақстандық нарықта өкілдіктері бар ма?

Біздің Алматы мен Астанада екі кеңсежайымыз бар, 50-ге жуық адам қызмет етеді. Компания әкімшілік қолдаусыз-ақ Қазақстандағы ең ірі деген тапсырыстарды ұтып алды. Оның ішінде: 1500 км созылатын «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының құрылысы, Алматыдағы метро, Қорғаныс министрлігінің тапсырыстары бар. Сондықтан бар мәселе кәсіпқойлықта. Бұл өз бизнесін жасағысы келетіндерге керек дүние.

Көптеген қазақстандық новаторлар, жас кәсіпкерлер үшін сіз бизнесті дамыту мәселелері бойынша кеңесшіге айналдыңыз. Қателеспесем, сіз өз ісін бастауды жоспарлайтын кез келген адамға кеңес бересіз.

Жылы лебіздеріңіз үшін үлкен рақмет. Мен жастардың аяққа тұруына көмектесу, өз тәжірибеңмен бөлісу маңызды деп санаймын. Бұл олардың жобаларын дамытуына көмектеседі. Өз тарапымыздан біз әрдайым жаңа артықшылықтар дайындап отырамыз, себебі бұл «Арман» холдингі бағыттарының директорларының мақсатты көрсеткіштеріне қосылған.

Соңғы кезде қандай идеялар сізге ерекше әсер сыйлады?

Агробизнес саласындағы идеялар қызықты көрінді. Өзіміздің табиғи өнімдерімізді жасау қазақстандықтарға жақын дүние, бұл ең үлкен және жақын нарықтармен салыстырғанда, біздің бәсекелі артықшылығымыз болып табылады.

Парақшаңызда біріншіден сізді тұлға ретінде аша түсетін аксиомалар көп. Біздің жағдайымызда, табысты адамдар туралы әңгіме еткенде, сіз «табысты адам» деген сөз тіркесі үшін қандай аксиоманы қолданар едіңіз?

Менің барлық аксиомаларым өз өмірімнен алынған, сондықтан олар дәлелдеуді қажет етпейді. Мен пайымдай білетін, жоспарлап, жүйе құрып, ойға алғанын қуана жүзеге асыратын адамды табысты деп санаймын.

Бұл барлық жағынан көрінеді.

Moomkin.com жобасына қатысты пікіріңізӘлеуметтік желілерге қосылысымен, мен оны қарадым. Жақсы сайт, сауатты ілгерілеуде. Тек бизнестен дер кезінде шығып отыру керек.

2_preview

Дереккөз мұнда.

Добавить комментарий