Блог
«ҚОСАРЛАНҒАН СТАНДАРТТАРЫ ЖОҚ ЕЛ»
Мен білімге, қаржыға, технологияларға жақын болу үшін үлкен дамыған нарықтары бар қай елде тұрсам деп, ұзақ таңдадым. Және менің таңдауым Сингапур сияқты мемлекет-қалаға түсті. Бұл елге келіп, қатаң ережелер қысқа мерзімде ешбір педагогикалық әдістермен жасау мүмкін емес, қоғамның жоғары мәдениеттілігін қалыптастырғанын түсінесің. Және осының арқасында бақыттылық рейтингісі бойынша ел бесінші орынға ие. Сингапур қатаң заңнама мен сауатты құрылған полиция қызметінің арқасында әлемнің ең қауіпсіз қаласы болып табылады. Мұнда кез келген қару алып жүру тыйым салынған және қарулы шабуыл және тонау жайттары мүлдем болмайды. Тіпті дүкендерде сатылатын асүй пышақтары сұғылмайтындай етіп, дөңгеленіп жасалған. Мұнда шын мәнісінде бизнес ашу оңай, мұны бірнеше күн ішінде ғаламтор арқылы жасауға болады. Менің ресейлік бизнесмен танысым Сингапурда мәселелерді шешіп жүріп, үйреншікті «Істі қалай жылдамдатсақ болады? Бәлкім, әлдекімке қоңырау шалып, кездесу керек шығар?» депті. Бұған сингапурлық министрліктің қызметкері: «Бізде ешқандай жемқорлық болмайтын жүйе құрылған. Сіз біздің сайтқа жазасыз – біз регламентте белгіленгендей 3-4 күн ішінде жауап береміз. Сізге жекелей ешкіммен келісудің қажеті жоқ». Сингапурдың артықшылығы да осында.Мен заңдар, ережелер барлығы үшін бірдей жұмыс жасайтын, қосарланған стандарттары жоқ елді көріп, таң-тамаша болдым.