Блог

Елдің болашағына қам жасаңыздар!


17.11.2014
0

Елдің болашағына қам жасаңыздар!

Соңғы екі жыл бойы мен қазақстандық жоғары оқу орындары студенттеріне арнап, ашық дәрістер өткізіп жүрмін. Мұны өзімнің әлеуметтік миссиямның бір бөлігі санаймын. Мұнымен айналысуға мені тыңдармандардың өздері шабыттандырады. Олардың шынайы қызығушылығы, олардың пікірлері мен менің кеңестерімнің көмегімен қол жеткізген нақты нәтижелері қуантады. Дәрістерге тек студенттер емес, сонымен қатар ісін жаңа жастаған, көптен бері айналысып жүрген кәсіпкерлер де қатысады. Оларды біріктіретін тілек біреу – білім алу және даму. Менің тәжірибем бар, ол өз қызметім барысында ұдайы жаңарып отырады, оны өзіңде сақтау, ешкіммен бөліспеу мүмкін емес. Сол себепті де бөлісіп келемін, менің сөздерім мен кеңестерімнің іске асып жатқаны мені аса қуантады. Менің айтпағым: менторлық бүгінде керек әрі тиімді іс! Қазір бұл кітаптар мен мақалалардан гөрі, көбірек интерактивті тілдесу түрінде көрініс табады. Мен Қазақстанның барлық ірі қалаларын «Жетістікке жетудің жолы» атты дәрісіммен аралап, ісін жаңа бастағандармен, студенттермен тәжірибе бөлістім. Себебі Қазақстанның бірде бір жоғары оқу орны өз ісіңді ашу мен бизнес-ортада бағыт таңдау үшін білім мен машық бермейді. Мен әлеуметтік желілерде және өзімнің bisekeev.com сайтымда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлермен және бизнеске қызығушылығы бар, дамуға талпынысы бар жастармен ұдайы тілдесемін. Біз пікір алмасамыз, олардың дамуы мен істерінде көмегі тиюі мүмкін кеңестер беруге тырысамын. Қазір елдегі кәсіпкерлікті, сәйкесінше елдің өзінің деңгейін көтеру үшін белсенді жастарға қолдау көрсету керек екенін түсіну керек. Себебі бүгінде бизнес жастардың ынтасы мен бизнестің тәжірибелі ойыншыларының қолдауының арқасында құрылады. Өскелең ұрпақпен тәжірибе бөлісіңіз – елдің болашағына қам жасаңыз!

Добавить комментарий