«Арман» компаниясының туы «Седов» желкенді кемесімен бірге жер бетін аралады


20.08.2013
0

«Арман» компаниясының туы «Седов» желкенді кемесімен бірге жер бетін аралады

«Седов» желкенді кемесі өзінің 92 жылдық тарихындағы алғашқы дүниежүзін шарлау саяхатынан оралды. Бұл Ресей мемлекетінің 1150 жылдық мерейтойы мен географиялық ашылулар тарихындағы айтулы күндерге орай өткізілді. Әлемдегі ең ірі желкенді оқу кемесі жерден 426 күн жырақта болды. «Седов» экипажы қазіргі таңдағы желкенді саяхаттардың ең ұзағын өткерді.«Арман» компаниясының қызметкерлері аты аңызға айналған барктің оралуын аса қатты күтті. Себебі бүкіл саяхат бойы кеме бортында әрбір портқа келген сайын команда көтеріп отырған «Арманның» туы болды.Санкт-Петербордан өткен жылдың 20 мамыры күні шығып, «Седов» Атлант мұхиты, Тынық және Үнді мұхиттары арқылы жылжи отырып, Еуропа, Америка, Азия және Африканың 24 елінің 34 портында болып қайтты. 14 ай ішінде желкенді кеме 47 мың 125 теңіз милін жүзіп өтті, экваторды төрт рет кесіп, Горн мүйісі мен Ізгі үміт мүйісін айналып шықты. Жолдың жартысынан көбі желкен астында өтті.

Дүние жүзін шарлаған «Арман» туы жаңашыл компанияның еркін рухы мен жаңа көкжиектерге деген талпынысты бейнелейтін ұжымдық жәдігерге айналады.«Седов» баркі – желкенді оқу кемесі – әлемдегі ең үлкен желкенді кеме. 1921 жылы Германияда жасалды. 2-ші Дүниежүзілік соғысы кезінде Балтық теңізінде Германияның әскери-теңіз қызметінде қолданылды. Соғыстан кейін репарация бойынша КСРО-ға берілді. «Седов» баркі қазіргі таңға дейін сақталып қалған ең ірі желкенді кеме ретінде «Гиннестің рекордтар кітабына» енгізілді.суреттер

Добавить комментарий