Нева жағалауында ісін бастаған қазақтың Стив Джобсы


16.12.2012
0

Нева жағалауында ісін бастаған қазақтың Стив Джобсы

Қазақстанның тумасы Серікбай Бисекеев Ресейде «Жыл кәсіпкері» сыйлығын алды. Санкт-Петерборда тұратын біздің отандасымыз «Форбс» тізіміне енген компанияларға қызмет көрсететін кәсіпорын құра білді.

Халықаралық тәуелсіз «Жыл кәсіпкер» сыйлығын Серікбай Бисекеев әлемнің ең ірі консалтингтік компаниясы – «Эрнст энд Янг» сарапшыларының қолынан алды. Серікбай жоқтан ірі жоғары технологиялы корпорация құрудың жолын біледі. Кезінде ол метро жанындағы дүкендерде ұялы телефон сатумен айналысқан. — Мен алдыма мақсат қойғыш кеңестік оқушы болатынмын, — деп есіне алады Бисекеев. — Кеңестік «Мерседесті» құрастыруды армандадым. 1988 жылы Ленинградтағы политехникалық институтқа оқуға түстім. Ата-анамнан ақша сұрамау үшін өзім ақша таба бастадым. Мен серіктесіммен бірге Ресейде GSM стандартты алғашқы ұялы телефондарды саттық. Бәсекелестеріміз сияқты несие алған жоқпыз. Бәсекелестеріміз жылдамырақ дамығанымен, 1998 жылғы дағдарыс оларды сазға отырғызды. Ұялы телефон сату бизнесінен Серікбай Бисекеев басқа бизнес түріне ауысты. Ол Ресейдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға заманауи диспетчерлік байланыс қондырғысын жеткізе бастады. Сол кезде барлық ірі зауыттар мен фабрикалар кеңестік техниканы пайдаланды. Бисекеевтің айы оңынан туды.

- Өнеркәсіптік байланыстың халықаралық брендтерін дистрибуциялаған бес жыл ішінде біз Ресейдің «Лукойл», «Сургутнефтегаз», «Новатэк» және қазіргі «Роснефть», «Газпром нефть», «Сибур» сияқты кәсіпорындарымен жұмыс істедік, - дейді бизнесмен. Ал 2005 жылы Бисекеев диспетчерлік байланысқа арналған өзіндік қондырғысын шығаруды қолға алады. Пайда болған өнім тек Ресейде ғана емес, дүниежүзінде бәсекеге қабілетті болып шықты. Жақында Серікбай Бисекеев Франкфурт пен Делиден тағы екі бірлескенкәсіпорын ашты. Серікбай Бисекеев Отанын ұмытпақ емес. Бизнесмен Қазақстанның жоғары технологиялы өнім жасап, әлемдік нарықтарды бағындыра алатынына сенімді. Осы тақырып аясына ол көп ойланады.

Автор: Рүстем Омаров, Астана

Добавить комментарий