27 наурыз күні Алматыда өтетін қазақстандық-сингапурлық бизнес-форум


12.03.2014
0

27 наурыз күні Алматыда өтетін қазақстандық-сингапурлық бизнес-форум

Форумға алдын ала мына жерден тіркелуге болады.

Біз сізді 27 наурыз күні Алматыда өтетін қазақстандық-сингапурлық бизнес-форумға қуана шақырамыз. Қазақстандық-сингапурлық бизнес-форумды Сингапур бизнес-федерациясы Алматы қ. Сауда-Өнеркәсіп палатасы және Arman Holding-пен бірге ұйымдастырады. Бұл іс-шара екінші рет өткелі отыр. Біріншісі 2009 жылы Сингапурда өткен болатын.

Сингапур жағынан форумға 10 мүшеден тұратын бизнес-делегация қатысады. Оның ішінде дәнекерлеу және машина жасау қондырғысы, шикізат тауарларының саудасы және сауданы қаржыландыру, қағаз бен кеңсе жабдықтарының өндірісі, бизнес және қаржы қызметтері, АТ және телеком сияқты түрлі өнеркәсіп салаларының бизнес-көшбасшылары мен жоғары лауазымды өкілдері бар.

Іс-шара бағдарламасында: Сингапурдың мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанның табысты халықаралық кейстері. Іс-шараның бірінші күнінің екінші жартысында сингапурлық және қазақстандық кәсіпкерлер арасында жекелей бизнес-кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Толық құрамды сессия аясында Arman Holding негізін қалаушысы және президенті Серікбай Бисекеев мырза өз компаниясының халықаралық жетістігінің тарихы туралы баяндап, Сингапурда бизнес жүргізу тәжірибесімен бөліседі.

Қазақстандық-сингапурлық бизнес-форум Қазақстан мен Сингапур бизнес-қауымдастығының өзара байланыс орнатуы үшін тиімді алаң болып табылады. Ол Сингапурдың экономикалық ахуалы мен әлеуеті туралы көбірек білуге көмектеседі, сондай-ақ екі елдің де компанияларына да серіктестік пен ықпалдастықты талқылауға мүмкіндік береді. Қазақстандық-сингапурлық бизнес-форум аясындағы іс-шаралар Сингапур мен Қазақстан арасындағы сауда және инвестициялық қатынастарды арттыруға бағытталған, екіжақты сауданың жалпы көлемі 2013 жылы 119 млн. $ сингапурлық долларларды құрады.

Сингапурлық бизнес-федерация туралы (Singapore Business Federation – SBF)

Сингапурлық бизнес-федерация (SBF) Сингапурдағы бизнес-қауымдастықтың сауда, инвестициялар мен еңбек қатынастары саласындағы мүдделерін қорғайды және көздейді. Федерация құрамына 21000 сингапурлық компания кіреді. Федерация елдегі кәсіпкерлікке оңтайлы жағдай туғызу үшін Сингапурдағы бизнес пен үкімет арасында қарым-қатынасты қалыптастыруға атсалысады. Халықаралық деңгейде SBF халықаралық сауда мен бизнес-қатынастарды кеңейту мақсатында екіжақты, аймақтық және көпжақты форумдардағы бизнес-қауымдастықты сипаттайды.

http://www.sbf.org.sg

Алматы қ. Сауда-өнеркәсіп палатасы

Алматы қ. Сауда-өнеркәсіп палатасы – Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерлері мен (немесе) заңды тұлғаларын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамыту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында олардың қауымдастықтарын (одақтарын) ерікті негізде біріктіретін, коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін өзі қаржыландыратын және өзін өзі басқаратын ұйым. Алматы қ. Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына, оның әлемдік шаруашылық жүйеге бірігуіне, заманауи өнеркәсіптік және сауда инфрақұрылымды қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметтің дамуына оңтайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.

www.alcci.kz

Arman Holding туралы

Arman Holding — өзіндік өндірісі бар энергетика және телекоммуникация саласындағы интеграциялық шешімдердің танымал жеткізушісі. 2000 жылы негізі қаланған Arman Holding энергетика және телеком нарығының қарқынды өсуімен қатар дамыды және бүгінде 10 жыл табысты жұмысты артқа тастаған халықаралық компанияға айналды.

Холдинг мұнай-газ, металлургия, энергетика салаларындағы ірі нарық ойыншыларының сенімді серіктесіне айналды.

500-ден астам табысты жүзеге асқан халықаралық жобалар мен халықаралық сапа сертификаттары компаниядағы тұрақты даму мен жетілуге деген ұмтылысты растайды. Ірі кәсіпорындар бизнесінің ерекшелігін түсіну, инфрақұрылымды білу және тапсырыс берушінің алға қойған мақсаттарын шешуде икемділік таныту Arman Holding клиенттеріне әрдайым оңтайлы тиімді және алға қойылған мақсаттарға барынша сәйкес келетін шешім табуға мүмкіндік береді.

Бүгінде холдинг компанияларының кеңселері мен өкілдіктері Ресейде, Қазақстанда, Сингапурда, Үндістанда, БАӘ мен Германияда орналасқан.

http://www.arman-holding.com

Добавить комментарий