БАҚ

Cерікбай Бисекеев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде сайланды


15.08.2014
0

Cерікбай Бисекеев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде сайланды

24 шілде күні «Даму» қорының Басқармасы мен директоратына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа тәуелсіз директор-мүшесі ретінде Серікбай Бисекеев таныстырылды.

IMG_9663

Директорлар кеңесінің жаңа мүшесімен кездесуде «Даму» қоры Басқармасы Төрағасы Ләззат Ибрагимова 2014 ж. бірінші жартыжылдығындағы Қор қызметінің нәтижесі туралы айтып берді, сондай-ақ қаражатты қаржылық институттарға шартты түрде орналастыру,

IMG_9661

сыйақы мөлшерлемелеріне жәрдемақы беру және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несиелерге кепілдік беру, тегін оқыту және кеңес беру сияқты қор қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды.

IMG_9642

Серікбай Бисекеев өз кезегінде бэнчмаркинг саласындағы әлем сарапшыларын шақыруды, түрлі елдердегі даму институттарының қызметіне дүниежүзілік талдау жүргізіп, ШОБ қолдаудың ең тиімді үлгісімен қаруланып, оны Қазақстанға енгізуді ұсынды.

IMG_9635

Негізгі материалға сілтеме: Damu.kz

Добавить комментарий