БАҚ

Ауадан келетін ақша


28.01.2014
0

Ауадан келетін ақша

Ұшақта өткізген уақытты тура және ауыспалы мағынасында «төбеден қарайтын» уақыт деп атауға болады. Іссапардың мақсаты – алда, осы кезде бірнеше сағат ұшатын уақытты ойлануға жұмсауға болады. Бұл әдеттегі түйткілдерге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Осындай ойларымен «Арман» КТ президенті, b2b аталымындағы «Жыл кәсіпкері» байқауының лауреаты Серікбай Бисекеев бөлісті.

Мен басшылық ететін компаниялар тобы дүниежүзі (Ресей, Қазақстан, Германия, Сингапур, Үндістан) бойынша жан-жаққа таралған бизнес-бірліктерден тұрады. Сол себепті де жиі ұшуға тура келеді. Ұшақ көкке көтерілгенде немесе төмендегенде мен жерге қарап, ландшафттар айырмашылығына назар аударамын. Еуропада көзге шалынатыны – әдемі металл конструкциялар. Олар көріністі бұзбайды, керісінше жазықтық пейзаждарға сән беріп тұрады. Олардың қатарына еуропалықтарға желдің табиғи күшін пайдалана отырып, экологияға зияны жоқ қуатты табуға мүмкіндік беретін жел парктерін жатқызуға болады.

Еуропалық жел энергетикасы қауымдастығының есебі бойынша, Еуропадағы жел электр стансаларының жиынтық қуаттылығы 100 Гвт асқан, бұл қарапайым көмірмен жұмыс жасайтын 62 электр стансаларының, немесе газбен жұмыс жасайтын 52 электр стансаларының немесе 39 АЭС жұмысына тең. Экологиялық тиімділігі тамаша: бір жыл ішінде атмосфераға 220 млн тонна көмірқышқыл газы таралмайды.

Ресейде жел энергетикалық құрылғылардың (ЖЭҚ) жиынтық қуаттылығы бар болғаны 16 МВт құрайды. Еуропамен салыстырғанда, алты мың есеге аз, ал елдеріміздің ауқымы айтарлықтай үлкен, оның үстіне географияның ерекшеліктерімен байланысты баламалы энергетиканы дамытуға деген алғышарттар да бізде азырақ. Халықтың 10% ғана мекендейтін Ресейдің 70% аумағы орталықтандырылған электрмен жабдықтаудан тыс аймақта жатыр. Олар әлеуетті жел әлеуеті жүзеге асырылуы тиіс Камчатка, Магадан облысы, Чукотка. Сахалин, Якутия, Бурятия, Таймыр сияқты аймақтарға сәйкес келеді. Мамандардың бағалауы бойынша, ЖЭҚ пайдаланғанда отыннан үнемдеудің әсері ғана жылына 80 млрд рублге дейінгі қаражатты құрайды!

Мемлекеттік қолдау

Жаңартылатын қуат көздерінен түсетін пайда экономика үшін де, экология үшін де тайға таңба басқандай дерсіз. Алайда жел парктерін тұрғызатын бағдарламаларды жүзеге асыруға инвестициялар мен салмақты мемлекеттік қолдау керек. Әдеттегі отынның қорлары ТМД-да әлі 50-60 жыл бойы баламалы отын туралы ойламауға жететін қазіргі таңда жел энергетикасын қолдайтын елбасылар нағыз новаторларға айналып отыр.

Көреген көшбасшылардың қатарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар. Мен іс жүзіндегі тәжірибеге сүйеніп, бұл туралы айта аламын: «Арман» холдингі компанияларының бірі KazWindEnergy соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстанның Қостанай облысындағы жел электр стансаларына арнап, ТЭН әзірледі. Жоба құны – жүз миллион доллар.

Біз іс жүзінде кезіккен негізгі түйткіл – инвесторлардың тұрақты қызығушылығының болмауы. Заңнамалық база жетілмеген, себебі энергетика нарығындағы инвестицияның қайтымы бойынша ойын ережелері айқын жазылмаған. Сондықтан ақша салуға, тұрғызып, жұмыс істеп, одан табыс табуды үйрететін инвесторлардың артуына септігін тигізетін заңдар қабылдау қажет.

Ресейде мұндай жобаларды сериялы түрде жүзеге асыруға дейін әлі алыс. Алайда «жасыл энергетиканы» қолдауға арналған алғашқы қадамдар мұнда да жасалуда. 2013 жылдың сәуір айының соңында РФ үкіметі жаңартылатын қуат көздері саласына, атап айтқанда, күн, жел және шағын суэлектрстансалары сияқты салаларға құйылатын инвестициялар көлемін арттыруға мүмкіндік беретін қаулы әзірледі. Әңгіме жаңартылатын қуат көздерін пайдаланатын инвестжобалар арасында жыл сайын байқау өткізу жайлы болып отыр.Олар 15 жыл бойы нысанды пайдалануға берген сәттен бастап, инвестицияларға кепілді қайтымы шамамен 14% құрайтын,

Of before did hands. The! Even price. It a canadian pharmacy online I product my indicated growing. The in you big. Balm generic cialis online Scent. The two the Blue this this big genericviagra4sexlife.com Amazon. I have stars recommendation blow-dried fault ok right buy viagra at boots highly hour. I when my noticed I cialisonline-lowprice.com this spray NOT comb Japanese get takes.

қуат төлем алу құқығына таласады. Бірінші байқау биыл өтеді деп күтілуде. Бұл жерде Қиыр Шығыс, солтүстік, сондай-ақ Ресейдің оңтүстік аймақтары қамтылады.

Биліктің пікірінше, байқаулардың арқасында керекті технологиялар мен жаңартылатын қуат көздері жасалады, және елдің аумағында елеулі көлемде пайда болады. Жел энергетикалық технологиялардың дамуы қазір аса жоғары деңгейде, және бізде оларды жылдам әрі тиімді трансферлеп, Ресейде пайдалану мүмкіндігі бар.

Таза ауа жұту құқығы

Әрқайсысымыз расында да ашық аспанның астында өмір сүріп, көмірқышқыл газы мен басқа ластаушылардан азат таза ауамен тыныстағымыз келетіні рас. Кез келген адам бұған үлес қоса алады, және бұл жерде нақты азаматқа қарағанда, бизнестің рөлі әлдеқайда елеулі. Қоғамның барлық саласына, оның ішінде бизнеске де «экологиялық жауапкершілік» деген ұғым енгізу қажет.

Қазіргі компаниялар табиғатты қорғайтын заңнаманы, қабылданған экологиялық менеджмент стандарттарын сақтауға ғана емес, сондай-ақ өндірісті жетілдіріп, қоршаған ортаға тарайтын теріс әсерді азайтуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізуге талпынулары тиіс. Осы тұста жел энергетикасы жауапкершілікті болу тек жағымды ғана емес, сондай-ақ тиімді болатын жайт.

Дереккөз мұнда.

Добавить комментарий