БАҚ

Танымал бизнесменге Ғалымдар клубының вице-президенті мәртебесі берілді


06.07.2013
0

Танымал бизнесменге Ғалымдар клубының вице-президенті мәртебесі берілді

2013 жылдың 27 маусымы күні «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының үйлестіру кеңесінің шешімімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ЕЭҒКҚ үйлестіру кеңесінің бірлескен төрағасы Нүгербеков Серік Нүгербекұлы «Арман» компаниясының негізін қалаушы әрі компания қожайыны Бисекеев Серікбайға жыл сайынғы Астана экономикалық форумын және Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны ұйымдастырып, өткізуге атсалысып, Лауреаттар клубы қорының қызметіне қолдау білдіріп, ғылым мен білім беру саласын дамытуға ықпалдастық танытқаны үшін алғысхат табыстап, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының вице-президенті мәртебесін берді.

Серікбай Бисекеев кәсіпкерлік қызметті 1990 жылдарда В2 саласындағы жоғары технологиялы шешімдер саласында бастаған еді. 2000 жылы «Форбс» тізіміне кіретін «Арман» компаниясының негізін қалады. Ол бірнеше жылдар ішінде өнеркәсіпке арналған немістің байланыс қондырғысын жеткізушіден бастап, технологиялар мен жүйелік интеграция саласындағы өндіруші мен әлемдік көшбасшыға дейінгі жолды өтті. 2012 жылы Ресейде «Жыл кәсіпкері» аталымын иеленді.

Бисекеев Сингапурға көшіп, сол жақтан Еуразиялық ғалымдар клубы мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ықпалдастығының даму мәселелерін шешпекші.

Анықтама: 2007 жылдың маусым айында Санктр-Петербордағы Экономикалық форум кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубын» құру туралы бастама көтерген болатын.

2008 жылдың наурыз айында Астанада үйлестіруші кеңес отырысында құрылған клубтың басты диалогтық алаңы ретінде І Астана экономикалық форумды өткізу туралы шешім қабылданды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауымдастықтың құрметті президенті болып сайланды.

2013 жылдың 22-24 мамыры күндері VI Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция өтті. Оған 12 500 делегет қатысты, оның ішінде әлемнің 136 елінен 3 200 жуық делегат, Нобель сыйлығының 10 лауреаты, халықаралық ұйымдардың 30 басшылары мен жетекшілері, ТҰК 40 президенті мен басшылары, 10 әлемдік БАҚ басшылары және БҰҰ мүше-мемлекеттердің 320 ресми өкілі, министрліктер мен орталық банктердің 80-дей басшысы бар.

«Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы экономист-ғалымдар мен тәжірибешілердің, жұртшылық және халықаралық ұйым өкілдерінің күшін біріктіріп, экономикалық даму мен әлемдік қауымдастықтың экономикалық, әлеуметтік ілгерілеуіне ықпалдастық таныту мәселелерін шешу мақсатында құрылды.

Дереккөз мұнда.

Суреттер мына жерде.

Добавить комментарий