БАҚ

Өзіңнің жеке мүдделеріңді күйттеудің қажеті жоқ, әлемді өзгерткен әлдеқайда қызығырақ


17.12.2013
0

Өзіңнің жеке мүдделеріңді күйттеудің қажеті жоқ, әлемді өзгерткен әлдеқайда қызығырақ

Серікбай, сіздің бизнестегі жетістіктеріңіз, команда құруыңыз туралы, биік армандар мен мақсаттарыңыз туралы оқу қызықты. Жас кәсіпкерлермен тәжірибе бөлісесіз бе? Кітаптар, мақалалар жазасыз ба?

Мен мұны өз миссиямның бір бөлігі деп санаймын. Менде тәжірибе бар, ол өз қызметім барысында ұдайы жаңарып отырады, оны ешкіммен бөліспей, өзіңде ұстап отыру мүмкін емес. Қазір бұл кітап және мақаладан гөрі, интерактивті тілдесу түрінде көбірек көрініс табуда. Мен «Жетістікке жету жолы» атты дәрісіммен Қазақстанның барлық дерлік ірі қалаларын араладым, жастармен, студенттермен тәжірибе бөлістім, себебі Қазақстанда бірде бір жоғары оқу орны өз ісін ашып, бизнесте бағдарды анықтау үшін білім мен машық меңгертпейді. Мен әлеуметтік желілерде және өзімнің bisekeev.com сайтымда істі жаңа бастаған кәсіпкерлермен және бизнеске қызығушылық танытатын, дамуға тырысатын жастармен сұхбаттасамын. Біз пікір алмасамыз, мен олардың дамуына, жаңа іс бастауына көмектесетін кеңестер беруге тырысамын.

Қазіргі таңда мен анағұрлым жаңа әрі нәтижелі формат: вебинарлар мен онлайн-сұхбаттарға көшуді жоспарлап отырмын. Бұл формат аса қолайлы – кез келген тілек білдіруші ноутбугі мен ғаламторға шығу мүмкіндігі болса болды, әлемнің кез келген түкпірінен хабарласып, өз сұрақтарына жауап ала алады.

Ең алғашқы пайдаңызды, ең бірінші жетістігіңізге қуанған сәт пен сізге сенім білдірген команданы еске түсіріңізші.

Бірінші табыс — 17 жаста құрылыс жасағында, бұрын КСРО-да бұл жастағыларға жұмыс істеуге рұқсат бермейтін.

Бірінші қуаныш – ұлымның дүниеге келуі және 2001 жылы «Арман» компаниясындағы ең сүйікті пікірлес командаммен бірінші келісімшартым.

Ал алғашқы команда 1988 жылы Қостанай облысының баскетболдан құрамасы болды. Мен ол команданы капитан ретінде алға сүйредім, біз тек Алматыға жол беріп, Қазақстандағы екінші жасөспірімдер құрамасы болдық. Алматы командасында Одақ құрамасының мүшелері ойнаған болатын. Сол кезде барлық жігіттер, ең бастысы, бас бапкер сенім білдірді! Біз финалда тіпті екінші таймға дейін жеңдік. Осы оқиғадан кейін менің өзіме деген сенімім арта түсті. Одан кейін ойланбастан Питерге оқуға түсуге кеттім.

Үлкен рухани дайындықсыз материалдық игіліктерге қол жеткізу мүмкін емес дейді. Сіз осындай жасампаздық күш-қуатын қайдан аласыз? Көрмедегі бейнематериалдарды, имидждік роликтерді қарап шықтым. Әсерлі шыққан!

Егер сізде қысқа мерзімге емес, бүкіл өміріңізге арналған ұлы мақсат болса, күш-қуат бойыңызға өзі келіп құйылады. Мен мұны миссия деп атаймын. Жеке мүдделеріңді күйттеудің қажет жоқ, әлемді өзгерту әлдеқайда қызығырақ!

Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» жобасы дамуда. Сіздің осы бағдарламаға қатысты ойларыңыз бен тілектеріңіз.

ДСҰ-ға кіргенде барлығының құқығы тең болады. Сондықтан мемлекетке адамдарды біліктілігі жоғары халықаралық кәсіпқойлардың нысандарында тәжірибеден өткізуді ұсынамын. Құзыреттіліктің болашағы зор!

Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын кәсіпорындарыңызға жастарды жұмысқа аласыз ба? Сіздің жобаларыңызға мамандар қалай іріктеліп алынады? Менің сүйікті ойшылым Кант жазғандай, ойларды үйрету емес, ойлауды үйрету маңызды. Сіздің маман даярлау, техника саласының мамандарына білім беру туралы ойларыңыз.

Сіз дұрыс айтасыз, бізде жұмыс жасайтын адамдардағы ең маңызды қасиет – ойлай білу, жаңа әлдене ойлап таба білу. Алайда жұмыс істеуге деген құлшыныс, компанияның идеясын, миссиясын ұстану да маңызды. Біліктілікке содан кейін ғана мән беру керек. Себебі бар білімді біз оларға өзіміз де бере аламыз – біздің компаниямызда көптеген кәсіби тренингтер өтіп отырады. Немесе олар әрдайым сол білімдерді тауып, өздері меңгере алады. Біз компания мүддесі мен саясатын ұстанатын «өзіміздің» адамдарды іздейміз. Біз жауапкершілікті мойнына жүктеп, алға қойылған мақсаттардың үдесінен шыға алатын көшбасшыларды өсіреміз!

Экономикадағы әйелдердің әлеуетіне қандай баға бересіз?

Әйелдер ерлермен кез келген істе – үлкен компанияны басқаруда да, бизнеске арналған идея құруда да бәсекеге түсе алады. Біздің компаниямызда олар ерлерден кем түспейді: үздік қызметкерлер арасында әйел затының өкілдері көп, оның үстіне олардың көбісі басқарушы қызметтерді иеленеді.

Серікбай, Ақтөбеге жолыңыз түсіп көрді ме? Қай қалаларды ерекше ыстық тартасыз?

Мен Ақтөбеге барып дәріс оқыдым. Бұл белсенді жастары, ынталы азаматтары көп әдемі әрі жылдам дамып жатқан қала. Олардың өз машықтары мен білімдерін пайдаланатын орта бар екені қуантады: Ақтөбеде өндіріс және жұмыс орындары жеткілікті. Сіздердің облыс әкімдеріңізбен кездескеніме қуаныштымын, бұл жәй қызыл сөз емес, ол Бадамшадағы біздің жел паркінің құрылысы бойынша инвестициялық жобамызға қолдау көрсетіп отыр, және мұны шын көңілмен жасайды. Мен мұндай адамдарды сирек кездестірдім.

Өзіме ыстық қалалардан, әрине бұл алдымен өзім дүниеге келген Қамысты кенті; мен өсіп, білім алған Қостанай; мені аяққа нық тұрғызған Санктр-Петербор, ол кезде Ленинград деп аталған болатын. Ал қазір Сингапурдағы өміріме тамсанудамын. Олардың идеялық көшбасшысы Ли Кван Ю – нағыз данагөй, оның кітабын оқып көріңіздер.

Қазіргі таңда экономикадағы дағдарыс туралы көп айтады, адам шошитын сандарды айтады, экстрасенстер мен басқа да көріпкелдердің болжамдарын жариялайды. Ал сіздің «дағдарыс» деген сөзге көзқарасыңыз қандай? Сіздің сүйікті дәйексөздеріңіз?

Қытай тілінде «дағдарыс» сөзі «мүмкіндік» деген мағынаны да береді. Өмірде де солай: өміріңізде немесе әлемде дағдарыс орын алса, салды суға жіберіп, қарап отыруға болмайды. Мұны өз-өзіңізді көрсету, өзіндік идеялар ұсыну, өзіңді қалыптан тыс ойланту мүмкіндігі ретінде қабылдаңыз. Психологтар айтпақшы, өзіңнің жайлылық аяңнан шығуың керек.

Біздің елімізде өз қабілеттері мен әлеуеттерін бағаламай, «ұйқыда» жатқан халық көп. Егер өздерінің жасырынып жатқан ресурстарын керек бағытқа жұмсаса, біз көптеген қызықты дүниелерге куә боламыз.

Сіз Ақтау қаласының сутденттеріне арнап, дәріс оқыдыңыз. Ақтөбеге мұндай сапарлар жасала ма әлде бұл сізге байланысты емес пе? Сіздің ашық дәрістеріңізге қалай қатысуға болады?

Мен жоғарыда айтып кеткендей, Ақтөбе қаласында дәріс осы жылдың мамыр айында Студенттер сарайында өткен болатын. Онлайн дәрістер, вебинарлар жоспарланып қойды, жақын уақыттарда іс-шаралар кестесі дайын болады. Өз сұрақтарын қойып, қатысқысы келетіндерге әдейілеп ашқан bisekeev.com сайтыма кіруге кеңес беремін. Сондай-ақ менің Вконтакте және Facebook желілерінде аккаунттарым бар, онда барлық жаңалықтар жарияланып отырады. Барлығынан хабардар болып жүріңіздер!

2013 жылы қандай істер атқара алғаныңыз жөнінде айтып берсеңіз. Жетістіктер, жаңа өндіріс, жобалар. EXPO 2017 көрмесіне қатысу жоспарда бар ма?

Бұл жыл өте ұтқыр жыл болды. Мен әлемді онсыз да көп аралаймын, алайда биыл бүкіл Қазақстан бойынша Кәсіпкерлер қауымдастығымен дәрістер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар қосылды... Жаңа пайдалы ақпарат, жаңа тәжірибе көп болды. Мен үшін аса маңызды тәлімгерлік жаңа сипатқа ие болды. Биыл маған Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының вице-президенті мәртебесін берді. Бұл мен үшін үлкен мәртебе, білдірілген сенім.

Қазір мен World Singapure Business Forum ұйымымен және онда Қазақстанды таныстырумен тығыз айналысып жатырмын, бұл істе Қазақстан Үкіметі маған қолдау көрсетеді деген үміттемін. Біз керекті форматта елдің инвестициялық әлеуеті туралы бүкіл әлемге жар салғымыз келеді.

Сұхбатыңызға рақмет, оқырмандарымызға не тілейсіз?

Армандаңыздар әрі мақсатқа қол жеткізуге деген сенімді жоғалтпаңыздар!

Дерекөз:  "Бiлезiк" Ақтөбе облыстық журналы

Добавить комментарий