БАҚ

Петербургтық бизнесмен Серікбай Бисекеев Қазақстанда құны $100 млн тұратын жел электр стансасын салады


04.06.2013
0

Петербургтық бизнесмен Серікбай Бисекеев Қазақстанда құны $100 млн тұратын жел электр стансасын салады

Петербургтық бизнесмен Серікбай Бисекеевтің "KazWindEnergy" компаниясы Қазақстанда жел электр стансасын салады. Жобаның құны – $100 млн. Құрылыс жұмыстарына осы жылы кірісуді жоспарлап отыр.Серікбай Бисекеевтің компанияларының бірі "KazWindEnergy" («Арман» холдингіне кіреді) Қазақстанның Қостанай облысында $100 миллионға жел электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Пилоттық жоба – 48 мегаваттық станса. Компания бірнеше келістіруден өтті, құрылыс жұмыстарын 2013 жылы бастаудан үмітті, деп хабарлайды "KazWindEnergy".Еуропалық жел энергетикасы қауымдастығының есебінше, Еуропадағы жел электр стансаларының жиынтық қуаты 100 ГВттан асып кеткен, бұл қарапайым көмірмен жұмыс жасайтын 62 электр стансаларының, немесе газда жұмыс жасайтын 52, немесе 39 АЭС-тің жұмысына тең. Бұл атмосфераға жылына 220 млн тонна көмірқышқыл газының таралуын болдырмайды.Ресейдегі жел электр стансаларының жиынтық қуаты 6 мың есеге аз және 16 МВт-қа жуықтайды. Мамандардың бағалаулары бойынша, Ресейде жел электр стансаларының қолданылуы жыл сайын 80 млрд рубльге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, делінген компания хабарламасында.

«Біз тәжірибе жүзінде кезіккен негізгі түйткіл – инвесторлардың тұрақты қызығушылығының болмауы. Заңнамалық база жетілмеген, себебі энергетика нарығындағы инвестицияның қайтарымы бойынша ойын ережелері нақты жазылмаған. Сондықтан ақша салуға қабілетті, құрылыс жүргізуге, жұмыс істеуге және одан табыс табуға үйрететін инвесторлар санының артуына септігін тигізетін заңдар қабылдануы тиіс», - деп пікір білдіреді Серікбай Бисекеев.Сәуір айының ортасында вице-премьер Аркадий Дворкович Үкіметтің жаңартылатын қуат көздері: күн, жел мен шағын су электр стансаларына инвестицияны арттыру жөнінде қаулы қабылдағанын мәлімдеген болатын. Ол инвестициялық жобалар арасында нысанды пайдалануға берген сәттен бастап, 15 жыл бойы қуат үшін төлем алуға құқық беретін жыл сайынғы байқауларды өткізу жөнінде әңгімеледі.Оның айтуынша, инвестицияның кепілді қайтарымы 14% құрайды. Сондай-ақ, байқауға 6-7 гВт генерация көлемі шығарылады. Бұл тұтынушыларға шамадан тыс күш салудың алдын алады, себебі бұл генерацияның құны әдеттегіден жоғары.

Дереккөз мұнда.

Добавить комментарий