БАҚ

Серікбай Бисекеев: Қызметкерлер – табысты бизнес формуласының басты құраушылары


04.11.2013
0

Серікбай Бисекеев: Қызметкерлер – табысты бизнес формуласының басты құраушылары

2012 жылдың қорытындысы бойынша Ресейде үздік бизнесмен атанған Серікбай Бисекеев BNews.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында бизнесті табысты жүргізудің маңызды құраушылары туралы айтып берді.

«Кез келген бизнесте табысқа жетудің кілті – нағыз кәсіпқойларды таңдау білуде», - деп санайды Серікбай Бисекеев. Оның айтуынша, әсер қалдырарлықтай түйіндеме адамның барлық қабілет-қарымдарын толықтай білуге әрдайым мүмкіндік бере бермейді. «Біз мысалы, адамдар өздерін шығармашылық тұрғысынан көрсетуге мүмкіндік алатын «үй тапсырмасын» береміз. Кім қаласа – орындайды, ал қаламағандар – жүйеге кіре алмайды, және бұл әркімнің өз таңдауы», - дейді ол. Осылайша, тапсырманы «үздік» орындағандар холдинг қызметкерлерінің қатарына қосылып, өздері ұсынған идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. «Әрине, мұндай қағиданы жаңсақ түсінетіндер де бар. Олар біздің компанияның армандарды жүзеге асыруға беретін мүмкіндіктерін елемей, өз бірегей идеяларын жария етуге қорқады. Алайда олардың қатары аз. Қуанышқа орай, ақылды әрі мақсатына ұмтылғыш жандар көбірек», - дейді С. Бисекеев.

Ол компанияға әрдайым жаңа әлдене енгізе алатын адамдарға сұраныс бар дейді. Бұл табысты бизнестің басты қағидасы болып табылады. Айтпақшы, танымал бизнесмен «әйел бастаған көш оңбайды» деген сөзді жоққа шығарады. Оның айтуынша, үздік қызметкерлерінің қатарында әйелдер де бар, кейбірі тіпті басқарушылық қызметтер атқарады. «Бізде толықтай демократия, біз жынысқа, нәсілге және дінге қарамастан, командамызға үздіктерді жинаймыз», - деп түйіндейді С. Бисекеев.

С. Бисекеев байланыс құралдарының өндірісі бойынша трансұлттық ірі холдингті нөлден құрғанымен танымал. Бүгінде оның компаниясының кеңселері Делиде, Дубай мен Сингапурда жұмыс жасайды. Айтқандай, кәсіпкердің өзі қазір Сингапурда тұрады.

Серікбай Бисекеев Ресейдегі үздік бизнесмен атанды, Ernst&Young ұйымдастырушысы болып табылатын кәсіпкерлік саласындағы ең мәртебелі халықаралық сыйлықты жеңіп алды. Бұл сыйлықты кәсіпкерлердің «Оскары» деп те атайды.

Дереккөз мұнда.

Добавить комментарий