Блог
Идеяларыңызбен бөлісіңіз!
Мен жастармен ұдайы араласамын және көбінесе менен бизнесті жүргізу бойынша кеңестер сұрайды, соңғы кезде жұмысқа орналастыру жайлы өтініштер айта бастады. Соңғы жағдай мені тіптен таңғалдырды. Жақын күндерде менің питерлік кеңсемнің кіреберісінде бір қыз оны жұмысқа алуымды өтінді. Сөйте тұра, қолында түйіндемесі болмай шықты. Сондай-ақ компанияда жұмыс істегісі келетінінен басқа, мардымды жауап ала алмадым.
Достар, мен өз басым компанияға қызметкер алумен айналыспаймын! Қызметкерлерді алумен «Арман» холдингінде арнайы мамандар айналысады. Сіздер оларға түйіндемелеріңізді oasaturova@synergy.kz (ҚР) және personal@arman.spb.ru (РФ) электронды пошталары бойынша жібере аласыздар.
Немесе өз идеяларыңызбен менің сайтымдағы мына парақшасында бөлісе аласыздар. Біз сайтқа келетін барлық кейстерді ұдайы бақылап отырамыз. Сеніңіздер, бірде бір салмақты идея назардан тыс қалмайды. Өз-өзіңізді көрсетіңіз, сол кезде «Арман» компаниясының құрамына кіресіз.
Жеке жазысудағы өтініштерге де қатысты осыны айтамын. Достар, әріптестер, пікірлестер, күнделікті маған ондаған осындай хаттар келеді, және менде барлық хаттарға жауап беруге мүмкіндік бола бермейді. Сайтыма идеяларыңыз бен бизнес-жоспарларыңызды «Сіздің идеяларыңыз» бөліміне жариялаңыз немесе өзіңіз туралы «Жетістікке жету жолы» тарауында өзіңіз туралы айтып беріңіз.






