Блог

Корпоративтік мәдениет – табыс формуласының ажырамас бір бөлігі


09.04.2014
0

Корпоративтік мәдениет  – табыс формуласының ажырамас бір бөлігі

«Егер бар екенің рас болса, ең бірінші бол» — мен осы аксиомамен өмір сүремін, студенттер мен істі енді бастаған кәсіпкерлерге арналған өзімнің бизнес-дәрістерімді де осы сөзден бастаймын.Компания ішіндегі басшылардың алдында қандай мәселелер тұр?Басшының рөлін асыра бағалау мүмкін емес, «құйрыққа екпінді беретін – бас» емес пе, ал бастан компания ағзасының барлық жасушаларына берілетін сигналдардың сапасы тікелей оның корпоративтік мәдениетінің қаншалықты айқын көрініс тапқандығына байланысты.Командамен бірге компанияның корпоративтік мәдениетін құру – басшының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.Көре білу, құндылықтар, өсу және ғаламдық дамуға арналған уақыт тәртібі – мұның бәрі корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөліктері.Сонымен бірге корпоративтік мәдениет — қағазда жазылған тәртіптер мен ережелер жинағы ғана емес, бұл – біздің қандай тәртіппен өмір сүріп, өзімізді қалай ұстайтынымыздың көрсеткіші.Хаттарға жауап бермеу, ұқыпты киінбеу, компания ішіндегі әріптестердің серіктестік ұсыныстарын елемеу, істі мезгілінде орындамау арқылы біз қоршаған ортаға өзіміздің корпоративтік мәдениетіміздің деңгейі қандай екенін көрсетеміз.Ал, керісінше, ортақ мәселелерді шешуде барынша басқа бөлімшелермен бірігіп, туындаған жайттарды шешуде өзіміздің жауапты аймағымызбен байланысты серіктестер мен әріптестерімізге көмектессек, жұмысқа уақытында келіп, компанияға сай киім үлгісін киіп жүрсек — біз мүлде басқа мәдениетті қалыптастырамыз. Сонда ұйым тек өзі ішінде ғана емес, сыртқа да үлгі боларлықтай күшті командаға айналады.Сонымен, корпоративтік мәдениет деген не және компания ішіндегі адамдар оны қалай қалыптастырады?Осыны әр адам есте сақтағаны абзал, өйткені корпоративтік мәдениет құруда олардың барлығы да көшбасшы болып табылады.

Добавить комментарий