Блог

Тәуелсіз комиссия құру арқылы Алматы қаласы әкімінің қаладағы экологиялық ахуал бойынша жұмысына баға беру әдісін жасауды ұсынамын


04.07.2013
0

Тәуелсіз комиссия құру арқылы Алматы қаласы әкімінің қаладағы экологиялық ахуал бойынша жұмысына баға беру әдісін жасауды ұсынамын

Жарайсыңдар, ішкі істер министрлігіндегілер! Мен Алматыдағы түйткілді шешу үшін әкім велосипедке отырып, барлығына үлгі болуы керек дегенмін. Голландия солтүстікте, ал Алматы әлдеқайда жылы. Сондай-ақ веложолдар салу керек. Сол кезде қаланың тынысы кеңейеді. Ал егер барлық көлікті газға ауыстырса, Алматы барлық қалталылар тұрғысы келетін Швейцарияға айналады. Бәлкім, сол кезде қазақтар Отанымызда қалар.

Дереккөз мұнда.

Президент әкімшілігіне тоқсан сайын ауа сапасын тексеріп, желдің жылдамдығы, ауаны алатын жерлер бойынша шешім шығаратын тәуелсіз комиссия құру арқылы Алматы қаласы әкімінің қаладағы экологиялық ахуал бойынша жұмысына баға беру әдісін жасауды ұсынамын. Әйтпесе, әкім жұмысын бағалау мүмкін емес, ол кезде әкім өзін жақсы жағынан көрсете алады, оған бұл мәселеге байланысты негізсіз айыптар тағылмайды.

Сондай-ақ, ИЖТМ-ның индустриалдандыру бойынша жұмысын бағалауды ұсынамын. Басты көрсеткіш – қанша кәсіпорын ашылғаны емес, ол кәсіпорындардың қанша салық төлейтіні, және егер олар тұрақты түрде, санына бара-бар өссе – жақсы, ал егер салық көлемі артпаса, демек, саннан пайда жоқ. Сол кезде министр жұмысын да бағалауға болады.

Добавить комментарий