Блог

2014 жыл бақыт әкелсін!


31.12.2013
0

2014 жыл бақыт әкелсін!

Құрметті достар, пікірлестер!

2013 жылдың аяғы да таяп қалды. Бұл жыл мен үшін оқиғаларға қанық болды. Біздің компания Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шықты, және компанияны ілгерілету мақсатында мен Сингапурға көштім. Басқа елде жүріп, туған Қазақстаныммен байланысымды қаттырақ сезіне бастадым, тәжірибе алмасу мен үйренудің қаншалықты маңызды екенін ұғына түстім.

Мен телевизия, газеттер мен журналдар арқылы бүгінгі Қазақстанның аса көкейкесті мәселелеріне қатысты өз ұстанымдарымды көптеген сұхбаттарымда айтып өттім. Кәсіби басқарушы ретіндегі бұл менің ұстаным деп, жай сынап-мінеуге тырыспай, өз ұсыныстарыммен бөлісуге, түйткіл қайталанбауы үшін жүйелі шешім табуға тырыстым. Біз жылдам дамып жатқандықтан, жаңа мәселелерге тез ауысып кете аламыз.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша өз миссиямның аясында мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында бірқатар кездесулер мен дәрістер өткіздім, сондай-ақ АҚШ-та Оңтүстік Калифорнияның жетекші университеттерінің бірінде Қазақстан студенттеріне арнап, дәріс оқыдым. Аймақтардағы студенттермен және ҚР кәсіпкерлері қауымдастықтарымен кездесулер мені шабыттандырды. Себебі олар біздің қолдауымызды сезінді, оқуға деген ынталары оянды.

Егер де әлдекімге өз жолын табуда бағытын анықтауға көмектесе алсам, қуанышым шексіз болмақ. Етене араласып, материал алмасу үшін мен www.bisekeev.com сайтын аштым. Ал желтоқсан айынан бастап on-line тілдесудің белсенді түрі – вебинарларға көштім. Менің желтоқсандағы алғашқы «Жетістікке жету жолы» атты вебинарыма 350-ден астам қатысты. Барлық тыңдаушыларға рақмет айтамын. Бұл – мен үшін дұрыс жолда келе жатқанымның белгісі.

Қазір, осы бір мерекелік сәттерде маған қолдау білдірушілерге, және мен сияқты Қазақстанның ұлы болашағына сенетіндерге үлкен алғыс білдіргім келеді!

Жаңа жыл қарсаңында мені Ғалымдар клубының вице-президенті ретінде сайлап, маған сенім білдірген Астана экономикалық форумына өз алғысымды білдіремін. Мен Қазақстанның басқа елдермен халықаралық байланыстарының нығая түсуі үшін өз тарапымнан барынша күш салуға міндеттенемін.

Қас қағым сәтте өзгеріп жатқан әлемдегі тұрақты жетілу бойынша біздің ортақ құндылықтарымыздың барған сайын үлкен қызығушылық туғызып, қазақстандықтардың өз құзыреттіліктерін дамытуға мән беретіндері аса қуантады, бұл – болашақта жетістікке жетудің кілті.

Құрметті достар, бақытты болыңыздар! Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық пен табыс тілеймін!

Армандаңыздар әрі армандарыңыз міндетті түрде орындалсын!

Жаңа 2014 жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен,

Cерікбай.

Добавить комментарий