Блог

«Жетістік құпиясы»


24.09.2014
0

«Жетістік құпиясы»

Мен өз тәжірибемнен кез келген бизнес табыстылығының құпиясы – нағыз кәсіпқойларды жинауда екенін түсіндім. Әсерлі түйіндеме әрдайым адамның құзыреттілігін толықтай таныта бермейді. Арман холдинг мысалы адамдарға өзін шығармашылық тұрғыдан көрсете алатын «үй тапсырмасын» береді. Қалағандар – орындайды, қаламағандар – өте шығады, бұл – әркімнің жеке таңдауы. Тапсырманы «өте жақсыға» орындағандар холдинг қызметкерлерінің қатарына қосылады, мұнда өзі ұсынған идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Әрине мұндай қағиданы бұрыс түсінетіндер де бар. Олар біздің компанияның арманды жүзеге асыруға ашатын жолын аңдамай, өздерінің бірегей идеялары үшін қорқады (әлдекім иемденіп алады деп ойлап). Алайда мұндайлар көп емес. Қуанышқа орай, ақылды әрі алдына мақсат қоя білгіш адамдар көбірек. Компанияға жаңа әлдене әкеле алатын адамдар сұранысқа ие. Табысты бизнестің кілті де осында. Айтпақшы, әйелдер ер адамдармен салыстырғанда нашар басқарады деген мифті жоққа шығарғым келеді. Менің үздік қызметкерлерімнің арасында басқарушы әйелдер де бар. Бізде толықтай демократия орнаған, біз командамызға жынысына, терісінің түсіне және дініне қарамастан, кез келген үздікті қабылдаймыз.

Добавить комментарий