БАҚ

С.Бисеекеев: «Армандаңыздар әрі оған қол жеткізуге талпыныңыздар»


23.04.2013
0

С.Бисеекеев: «Армандаңыздар әрі оған қол жеткізуге талпыныңыздар»

Бүгін редакциямыздың қонағы – еңбегі мен білімінің арқасында үлкен жетістікке қол жеткізген тұлға. Отандасымыз 16 жастағы бозбала кезінде туған Қостанайынан кетіп, өзінің тағдырында шешуші рөл атқарған Ленинградқа аттанады. Шаира Рахимова.Біреуге тәуелді болғанды ұнатпайтын жас жігіт ата-анасының емес, өз еңбегімен тапқан ақшасын жұмсаймын деп шешеді. Айтты, бітті.Сол жылдары Ресейде Gsm стандартты алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Бұл посткеңестік кеңістікте әлі ешкім айналыса қоймаған іс болатын... Алдына мақсат қойғыш қазақстандық РФ-дағы ең ірі ұялы байланыс операторының (мТС, Beeline) жеткізушісі болып, Финляндиядан келген  Nokia телефондарын сатумен айналысты.Кейін оларға өзінің дүкендер желісін сатады. Осылайша, қазіргі қызметіне негіз салған жаңа жол басталады.

Серікбай Бисекеев — ленинградтық политехникалық университеттің, Стокгольм бизнес мектебінің түлегі, қызметі индустриалды байланыс жүйелерінің инжинирингіне, өнеркәсіптің түрлі салаларының кәсіпорындарына арналған байланыс жүйелерінің өндіріс мен интеграциясына бағытталған жоғары технологиялы холдингтің негізін қалаушысы әрі басшысы, Ernst & Young ұйымдастырған халықаралық «Жыл кәсіпкері-2012» байқауының В2В номинациясындағы беделді марапат иесі. «Арман» компаниясының табысқа жетуінің құпиясы – қайталауы қиын істі бағындыруы», - дейді бизнесмен.

— Серікбай Жолдыбайұлы, «Арман» компаниясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – жаңартылатын қуат көздерін дамыту мен енгізу. Алайда көмірсутек сияқты дәстүрлі қуат көздерінің түгесілуіне әлі 50-60 жыл бар, жасыл энергетика туралы ойлану әлі ерте, оның үстіне ол қымбат дейді. Бұған не дейсіз?

Көмірсутектің таусылғанын күтіп отырудың қажеті жоқ, оларды өңдеп, экспортқа шикізат емес, өнім шығарып, сатуды ұсынамын. Ал жел қуаты бағасы жағынан арзанырақ тұрады, құрылыс жылдамдығы 3 есе жылдамырақ және қызмет көрсету құны да 100 есеге арзан!

— ҚР-дағы жел паркі құрылысының жобасы туралы айтып бере аласыз ба? Қазіргі таңда қандай істер жасалуда? Жаңартылатын қуат көзі саласында тағы да нені жүзеге асырасыз? Қауымдастықтың жасыл энергетика мәселелеріне айрықша назар аударатынын білетін шығарсыз.

Бірінші кезекте ҚР Президенті Н. Назарбаевтың көрегенділігін атап өткім келеді. Ол ТМД-дағы инновация бойынша көшті бастайды, егер басқалары алдағы бір жылды бағамдаса, Елбасы алдағы он жылға көз тастайды, трендтің ауысуы 5 жылдан кейін жүзеге асатын шығар, сол кезде біз ТМД-да ешкімде жоқ тәжірибеге ие боламыз. Қазір тек мұнай-газдан түскен қаражатты жаңартылатын қуат көздеріне салу керек. Алайда Президенттің сөздерін заңмен бекіту керек. Бұл инвесторлар келіп, ақша салып, құрылысын жүргізіп, жұмыс істеп, одан ақша табу үйретуі үшін керек. Ал біз соңғы бір жарым жылда Қостанай облысындағы жел электр стансасына арналған ТЭН әзірлеп қойдық. Жобаның құны – жүз миллион доллар. Пилоттық жоба – 48 мегаватқа есептелген станса. Біз бірнеше рет келіссөз жүргіздік, алайда жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірнеше мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Энергетикаға қаржы құятын кез келген инвестор үшін маңызды үш фактор – жер, тариф пен электр қуаты көлемінің тұрақты сатып алынуы.

Негізгі түйткіл: заңнама жетілмеген, энергетика нарығындағы инвестицияның қайтарымы бойынша ойын ережелері нақты жазылмаған. Қазіргі таңда Жердің жел әлеуеті ғаламшардағы өндірілетін барлық қуаттан асып түседі, күннен алынатын қуат әзірге қымбат болғандықтан, қазір жел әлеуетін дамыту керек. Сондай-ақ, менің ұсынатыным: балаларымыз бен немерелеріміз атмосфераға шығарылатын қауіпті заттардың үлкен көлеміне байланысты түрлі аллергияларға ұшырап, қатерлі ісік және басқа да ауру түрлерімен ауырмауы үшін Алматыдағы экологиялық ахуалды шұғыл түрде шешу керек. Көліктерді, ТЭО мен қазандықтарды газға ауыстырып, жекеменшік мекемелерді газдандыру керек. Зиялылардың көп бөлігі Алматыны мекендеп, фашистік газ камерасындағыдай күйді кешуде.

— Сіздің көзқарасыңыз бойынша,Қазақстан Республикасы экономикасының күйі қандай? Не нәрсеге назар аудару керек, не жетіспейді? Ал қандай шаралар жақсы жүріп жатыр?

Әзірге мұнай, мыс пен кен жақсы өндірілуде, ал Менделеев кестесіндегі басқа элементтер жүйелі түрде өндірілмейді және өңделмейді, аймақтарда адамдарды қандай жұмыспен қамтуды білмей жатыр. Өңдеуші экономиканы көтеріп, аймақтарда біліктілігі жоғары персоналдарды шоғырландыратын инвесторларға тиімді жағдайлар жасау керек.

— ТМД-дағы интеграциялық үдерістерге, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ пен Кедендік одаққа қалай қарайсыз?

Өтінемін, деректерге сүйеніңіз. Қаржы министрі Б. Жәмішевтің сөзі: «Жекелеген позициялар бойынша қазақстандық компаниялардың КО елдеріне экспорт шығаруда өсімі байқалады, алайда тұтастай алғанда, КО елдеріне жіберілетін қазақстандық экспорт «отырып қалды».

— ТМД-да, Ресей мен ҚР-ды қоса алғанда, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағында, атап айтқанда, Үндістан, Малайзия, Сингапур және т.б. елдерде бизнесіңізді қай салада дамытуды көздейсіз?

Қатты дыбыстағыш байланыс бойынша әлемдік үлесімізді арттыра беруді жалғастырамыз, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерін дамыту керек. Бүкіл әлемнің болашағы сонда.

— Мәселен, Астана экономикалық форумы немесе KAZENERGY Еуразиялық энергетикалық форум аясында нені талқылауды ұсынар едіңіз?

Үш мәселе: энергетиканы орталықтандырмау мәселесі, себебі орталықтандырудан шығын тұтынушылар үшін 20%-дан астамды құрайды, бұл көп, екіншісі – жел энергетикасын дамыту, мұны үлкен өндіріс үшін бәсекеге қабілетті шешім ретінде қарастыру, үшіншісі – Алматының экологиялық мәселелері, халық улануда, ал түйткілдер шешілмеген күйде қалып жатыр.

— ҚР-да, РФ-да және шетелде бизнес жасаудың айырмашылықтары бар ма? Бар болса, ол қандай айырмашылық және біз басқа елдерді неге, ал ол елдер бізді неге үйрете алады?

Әзірге біз басқаларды ештеңеге үйрете алмаймыз. ТМД-да бизнесті құруда айырмашылық жоқ, тек Ресейде білім, интеллект деңгейінде бәсеке мықтылау. Заңнамалық базаға қатысты да осы мәселе, мінсіз үлгілер жоқ, әр жерде өзінің ерекшеліктері бар. Ал елді қайта құру үшін Оңтүстік Корея, Норвегия, Сингапур сияқты табысты мемлекеттердің тәжірибесін пайдалану керек, велосипед ойлап таппай-ақ, жаңа ережелер жазып, солар бойынша өмір сүру керек.

— Сіздің компанияңыз ЭКСПО-2017 көрмесіне үлес қоса ма... экспозиция ұсыну ойда бар ма? Осы инвент жайында жалпы қандай жоспарлар бар?

Әзірге жоқ, себебі әркім  нақты бір іске шоғырлануы тиіс. Біз өзіміздің жел паркімізді салуға тырысамыз, көрсететін дүние етіп, осы біздің қосатын үлесіміз болатындай.

— Өзіңізді жасыл экономиканың жақтасы деп атай аласыз ба?

Иә, онымен сондықтан да айналысып жатырмыз, ол – жер бетінің болашағы. Ал «Газпром» мен басқа да ұқсас компаниялардың банкротқа ұшырауы 10 жылдың көлеміндегі мәселе. Бұған әлі ешкім де сенбейді, көре жатармыз.

— «Арман» мұнай-газ және энергетика саласында қандай жаңалықтар ұсынады?

Біз  Алматыда майсыз жүзеге асатын энергетикалық қондырғылар өндірісін аштық, бұл қымбат тоқсан сайынғы сервистік қызмет көрсетуден құтқаратын әлемдегі жалғыз шешім. Ұлттық компаниялар сатып алуда халықаралық тәсілді ескеріп, арзан дүниені сатып алмай, қондырғыға иелік етубойынша қымбат шешімдерді таңдайды деп үміттенеміз. Себебі бүкіл әлем жүйеге иелік ету деген ұғымға көшті, ол капиталдық шығындарды, отын шығынын, персоналға кететін сервистік шығындарды қамтиды. Бірқатар әкімдер мұны қолдайды, себебі олар шаруа иелері, сондықтан да аймақтың жұмысқа қабілеттілігі үшін олар жауап береді. Мемлекет осыны назарға алады деп сенемін. Финляндияда мысалы құрылыс пен жолды жөндеу жұмыстарына тендерлік бағасы арзандау, алайда жолға беретін кепілдіктері 50 жылды құрайтын, сапа бойынша қатаң айыппұлдық санкциялары бар компаниялар ұтады. Бұл – нағыз шаруа иелерінің амалдары.

— Серікбай Жолдыбайұлы, сіздің кестеңіз аса тығыз, адам қаласа, сүйікті адамдарына да, фитнеске де, мысалы, жұмысбастылыққа қарамай, әуестіктерге де уақыт табады дегенмен келісесіз бе?

Толықтай келісем, күнделік арнап, уақытты жоспарлауға кеңес берем. Егер уақытты дұрыс игере білсең, барлығына уақыт табасың.

— Сіздің басты арманыңыз қандай?

«Арман» деген қазақша атауы бар компания өнеркәсіптік өндірістегі ең үздік құрылыс компаниясы ретінде бүкіл дүниежүзін мойындатса деп армандаймын.

Автор Шаира Рахимова

Дереккөз мұнда.

Добавить комментарий